«Адалдық жүрген жерде – адамдық жүреді»

Жарияланған: 03.09.2019


Адамның  ниеті,  ойы,  іс-әрекеті  шындыққа негізделгенде адам  өзіне  де,  өзгеге  де  адал  болады. Адал  болу  кез-келген  адамның  өз  қолында.  Ол  біздің ішкі  жан-дүниемізден  бастау  алады. 

Ж. Ағәділов атындағы жалпы білім беру орта мектебінде қыркүйек айының 1-жұлдызында «Адалдық сағаты» өткізілді.  Іс-шараның мақсаты: оқушыларға өмірде  ата-анаға,  досқа адал  бола  білуге  баули  отырып,  әр  адамның  адал  ісі  мен  адамдығы  көрінетінін  білуге  тәрбиелеу. Адамның бойындағы төрт асыл қасиеттер: адалдық, әділдік, адамгершілік, сыпайылық. Бұл құндылықтар тәрбиенің белгісі. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине сымбатты, парасатты көрінеді. Адамның осындай қасиеттеріне қарап, оның қандай екенін білуге болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік құндылықтар отбасынан басталады.

Бұл «Адалдық сағатында»  адалдық, әдептілік, парасаттылық және сенім жайлы арнайы слайд көрсетіліп, ұстаздар мен оқушылар арасында пікірлер айтылып, ойларын ортаға салды.

Әрдайым әдепті, сыпайы, адал болып жүрейік!

Жас тілші,

Нескенова Амина,

Бірлік ауылы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы