Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз

Жарияланған: 01.11.2019


        2019 жылғы 31 қазан күні Шөптікөл жалпы орта білім беру метебінде «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз» тақырыбында кітапханашылардың аудандық семинары өтті. Семинардың мақсаты: Абайдың шығармашылық мұрасын оқырмандарға насихаттау, кәсіби деңгейде ақпарат таратуына жол ашу және аудан кітапханашылармен тәжірибе алмаса отырып, байланыс орнату. Семинарға ауданнан 17 мектеп кітапханашысы қатысты.

         Семинардың ашылуында мектеп директоры Айжамал Советқызы Сартаева шағын жинақтық мектептің тынысы мен өмірі жайлы таныстырып өтті. «Абайдың өлеңдерін жалғастыр» тақырыбында шебер сағатта мозайка құрастыру арқылы үш топты анықтап алып, үш топқа Абайдың үш өлеңдері жазылған қима қағазды ұсынды. Қима қағазда шашылып жатқан өлеңдерді еске түсіріп, дұрыс құрастырып беру шарт. Дұрыс, қатесіз құрастырған топ жеңімпаз аталды. «Шаңырақ» әдісінде берілген сұрақтарға мектеп кітапханашылары тұшымды жауап қайтарды.

        «Абай-дана, Абай-дара» қазақта тақырыбында Абайдың қара сөздерін 10-сынып оқушысы Данара Еділ мәнерлеп оқыды. Мектеп оқушылары Абай Құнанбайдың шығармашылығына арналған «Lep book» кітабының тұсаукесерін жасады.

        3-сынып оқушылары Мәлика Серік, Арайлым Дүйсенбай, Әшірбек Айғаным жайқалған гүлдер, құмырсқа рөлінде Айша Серік, шегіртке рөлінде Нұрай Сейілхан «Шегіртке мен құмырсқа» өлеңінен көріністі өте жоғары деңгейде орындап берді. Үйлесімділік пен сұлулық өзара ұштасып жатыр.

       Абайдың «Күз» өлеңін Талғат Серік, Нұрлым Тоқтамысова, Дәмірбек Кәкім үш тілде мәнерлеп оқыды.

       Мектеп психологі Әмина Серікбайқызы Арынжанова аудан кітапханашыларына «Импульс» тақырыбында тренинг ойындарды жоғары деңгейде ұйымдастырды.

      Шөптікөл жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары ұлы даланың ұлылары жатқан Семей еліне саяхат жасаған туралы «Абай еліне саяхат»атты слайдты көрермендерге ұсынды.

      «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» тақырыбында кнцерттік бағдарламаның шымылдығын биші қыздарымыз Мәлика Серік, Нұрай Сейілхан, Арайлым Дүйсенбай, Қарақат Кәкім ашты. 10-сынып оқушысы Данара Кәкім Абайдың әндерін нақышына келтіре орындап берді.Мектеп әкімшілігі мектептің безендіру жұмыстары жөнінде ұсыныстар айтып өтті.

      Шөптікөл жалпы орта білім беру ұжымына шығармашылық табыс пен ұшқыр ізденіс, шалқар шабыт тілейміз.

      Семинарға қатысушылар кері байланыс жасап, алған әсерлерімен бөлісіп, ұсыныстары мен ризашылықтарын білдірді.

 

 

 

 

Мәншүк Тынысқызы Шумақова,

Баянауыл аудандық білім бөлімнің әдіскері.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы