"Абай келді ауылға"

Жарияланған: 08.11.2018


5-ші және 6-шы қараша күндері ауданымыздың Майқайың кенті, Шөптікөл, Сұлужон, Ұшқұлын, Бірлік, Торайғыр және Баянауыл ауылдық округтерінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында абайтанушы Даниал Асановтың қатысуымен «Абай ауылға келді» атты жобасы ұйымдастырылды. 
  
Павлодар өңірінде Даниал ағаны «Біздің Абай» деп таниды. Себебі, ол кісі соңғы 30 жылдай мерзім ішінде еліміздің Тәуелсіздік алғаннан бері халық арасында, әсіресе жастар арасында Абайдың, Шәкәрімнің, Мағжанның, Мәшһүр Жүсіптің, Солтанмахмұттың шығармашылықтарын және ауыз әдебиет үлгілері Қыз Жібек, Қобыланды дастандарын жатқа біледі, насихаттайды.

Ағамыздың айтуынша Абай шығармашылығымен айналысуға түрткі болған Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында Елбасының ЮНЕСКО-да Абайдың 150-жылдығын тойлау туралы ұсынысы болды. Барған елді мекендерде, қалаларда өз білімі мен өнерін алдында көрсетіп, насихаттап жүрді. Мысалы, Астана қаласының әкімдігінің шақыруымен қаланың 25 мектебін 10 күн ішінде аралап, оқушылар және ұстаздармен кездесу өткізді.

Сонымен қатар биылғы жылы осы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Абай ауылға келді» атты жобасымен облыстың облыстың қалалары мен ауылдарын аралап, Абайдың шығармашылығын жұртшылыққа одан әрі таныстыруда.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы