• Меню » Жаңалықтар » 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Ару қыз, ардақты ана» сыр сұхбат кеші өтті.

8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Ару қыз, ардақты ана» сыр сұхбат кеші өтті.

Жарияланған: 07.03.2019


5 наурыз күні Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық мұражайында  Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Ару қыз, ардақты ана» атты сыр сұхбат кеші өтті. Кешке Торайғыр ауылынан 2019 жылы ақпан айында өткен аудандық «Мейірімді ана, ерке қыз» байқауының жеңімпаздары Индира Касымова мен қызы Құдайберген Дарина, «Парасатты ана» номинациясының иегері Қарлығаш Сапабековамен қызы Ақмарал арнайы шақыртылды.

Сонымен қатар С.Торайғыров атындағы мәдени – сауық орталығының қызметкерлері, әдіскер Жанар Майкенова, мәдени ұйымдастырушы, дәстүрлі әнші  Самал Жакупова және шығармашылық әдіскер Ғалия Сунатуллаева келіп қатысты.

«Қазақта қызға қырық үйден тыйым» деген сөз бар.  Кешімізге аналар тәрбиелеп отырған сұлу да ару қыздарымен бірге келді. Қыз бала тәрбиесінде аналар орны ерекше, сол септен кеш басы қыз тәрбиесі жөнінде болды. Ойларын ортаға салып пікірлерімен бөлісті. Кешіміз әртүрлі әйелдер қауымына арналған сұрақ-жауаптарымен жалағасын тауып аналарға арналған әсем әндер мен өлең жолдарымен өрнектелді.

Сонымен қатар көктем мезгілінде әйелдер қауымы сұлулыққа құштар болып, әдемілене түседі. Әдемі болып көріну – өнер. Сұлулыққа ұмтылу – наздық емес, асыра сілтеушілік те емес. Өзіңізге айналадағы жандардың тарапынан жағымды әсер қалдыру үшін әдемі болып жүру маңызды. 

Қазақ әйелдеріне тән, басына сәді етіп орамал тағу үлгісін Жанар Майкенова қызы Айтолқынмен  көрсетсе, киімді талғаммен кию үлгісін Ғалия Сунатуллаева көрсетті. Сонымен қатар бет күтімі, шаш күтімі жөнінде пайдалы кеңестер айтылса, мұражай қызметкері Әлия Мұсабекова тырнақ күтімі жөнінде ақыл кеңесімен бөлісіп, тырнақты заман талабына сай безендіру түрлерін тырнаққа жасап көрсетті. 

Кешімізде ас үйдегі қажетті кеңестермен мұражай қызметкері Майра Сейсенбаева айтып берсе,  аудандық «Мейірімді ана, ерке қыз» байқауында «Парасатты ана» номинациясының иегері Қарлығаш Сапабекова кешімізге арнайы әзірлеп алып келген тәтті торттың дайындалу жолдарымен бөлісіп, әсемдеу жолдарын көрсетті. 

Кешіміз қыз балалардың әдемі тілектерімен, аналарына арналған өлең жолдарымен жалғасып, дәстүрлі әнші Самал Жакупованың  домбырамен шырқалған «Анашым» әнімен және қызы Аружанның «мама» әнімен жалғасты. Кешіміз өте қызықты әрі жоғары деңгейде өтті. 

Кеш соңында Мұражай басшысы Айбат Сейсенбекұлы қыздар қауымына тілегін айтып, жүрек жарды өлең жолдарын арнады.  Келген қонақтарға естелік сыйлықтар табысталды. Кеш жүргізушісі мұражай әдіскері Дана Мұхтарқызы. 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы