1 қазан – Халықаралық қарттар күні

Жарияланған: 01.10.2018


Дүниеге келер бір рет

Дария кеуде тау – мүсін

Құрыштай күйген құдірет

Қарттарым, аман –саумысың?

Өздерің болсаң жанында

Ел іші жомарт, еңселі

Дән исі сіңген қанында

Даламның бір-бір бөлшегі – демекші Жылбек Ағаділов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде үлкенді сыйлауға тәрбиелеу мақсатында  дәстүрге айналған Қарттар күні аталып өтті. Мерекеге орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты барлық сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді. Сонымен қатар  5-11 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге  мектебіміздің қамқорлығында жүрген  ата-әжелеріміздің үйлеріне барып, үй шаруасына көмек көрсетті. Ата-әжелеріміз оқушыларға алғыстарын  айтып, ақ баталар берді.

З.Х.Батабаева

Бірлік ауылы

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы