« Жер заң бойынша- жаппай басып алуды тоқтатамыз»

Жарияланған: 28.07.2016


Бас Прокуратура « Жер заң бойынша- жаппай басып алуды тоқтатамыз»- жобасын  өткізу щенберіңде  аудан прокуратурасымен  аудан әкімшілігі, жер қатынастары бөлімі, жергілікті полиция өкілдернінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Өткізілген дөңгелек  үстел шеңберінде  Баянауыл ауданының аймағында орналасқан иессіз жер телімі және көрсетілуі бойынша қолданбайтын жер телімін  қайтарылу шешілді.

 Сонымен қатар, аудан әкімінің сайтында жер қатынастары саласында алаяқтылық туралы жадынама-ескерту  жарияланған,  сондай-ақ  рұқсатсыз жер телімін  басып алғаны үшін жауапқа тартылатыны түсіндірілген.

Одан басқа осы күнге Баянауыл ауданының  әкімі сайтынының «Жер заңды негізде – Земля по закону» арнайы бөлімінде жариялау жоспраланып отыр,  хабарландыру және рұқсатсыз жер телімін басып алу туралы фототүсірілім қалдыру мүмкіншілігі қарастырылуда.

Осымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 338 бабы бойынша Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау 424 000 тенге - екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғатының хабарлаймыз.

 

Баянауыл ауданнының прокуратурасы.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы