Заңсыз жолмен тұрғызылған тұрмыстық объекті

Жарияланған: 26.07.2016


Баянауыл аудандық сотымен архитектура- құрылыс саласына қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Іс-құжаттары бойынша, ЖШС Баянауыл ауданының Жасыбай орман шаруашылығы аймағында құқықтық құжаттары болмағанына қарамастан шаруашылық обьект енгізген.

Осы негіз бойынша ЖШС-ға қатысты өндiрiстi, тұрмыстық объектiлердi тиісті жерге құқықсыз заңсыз салу бойынша  ҚР ӘҚБтК-нің 379 бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Баянауыл аудандық сотының 07.07.2016 жылғы қаулысымен ЖШС әкімшілік құқықбұзушылық жасады деп , ҚР ӘҚБтК-нің 379 бабы бойынша 63630 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Павлодар облысы, Баянауыл ауданының Жасыбай орманды табиғи қорында орналасқан құрылысты мәжбүрлі түрде бұзу тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

Баянауыл аудандық сотының баспасөз қызметі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы