Қырандай қарыштаған - Жас Ұландар!

Жарияланған: 29.12.2016


2016 жылдың желтоқсан айында Зейтін Ақышев атындағы жалпы орта білім беретін мектепте «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі қатарына салтанатты қабылдау мен Ұлан басын қайта сайлау салтанатты кеші өтті. Салтанатты кеш рапорт берілумен басталып, көк туымыз ортаға енгізіліп, мемлекеттік ән ұранымыздың шырқалуымен басталды. Мектеп акт залы көгілдір аспанымыздың түсіндей көк және аспаннан нұрын төккен күн шуағындай сары түспен безендіріліп, келген қонақтардың көңілінен шықты.

          Сонымен қоса Жас Ұландар мен Жас Қырандардың қолдарындағы желбіреген көк тудың бөлшегі көгілдір галстуктары олардың өз қатарларының алды, ертеңгі елдің үміт артар жас ұландары болатындарын айқындап өздеріне жарасып-ақ тұрды.

 Жас Ұлан мен Жас қыран қатарына қабылданған бүлдіршіндердің анттары тыңдалып, уәделері жария етілді. Кеш ортасында алдын ала өткізілген Ұлан басы сайлауының қорытындысы жарияланып, 4 жыл бойы мектеп Ұланбасы болған аудандық, облыстық, Республикалық сайыстардың жеңімпазы 11 сынып оқушысы Болат Тұрсынбек жас бүлдіршіндер мен өзінің ізбасарларына тілегін айтып, сайлауда жеңіске жеткен 9 сынып оқушысы, жас ақын Толепберген Адай өзінің игі істерін жалғастыратынына сенімді екенімен бөлісті. «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі министрлері де жаңадан тағайындалып, өз міндеттерімен таныс болды. Ұлан қатарына қосылған жас бүлдіршіндердің қуанышында шек болмады.Кеш соңы патриоттық әндермен әрленіп, Жас Ұландар мен келген қонақтарға  көтеріңкі көңіл – күй сыйлады.

Әке жолын қуып, ана мейірімін бойға жиған, туған жері мен Отанын сүйетін қазақ елінің Жас Ұландары жасай берсін.




З.Ақышев атындағы жалпы орта білім

беретін мектептің аға тәлімгері

Сарсенбекова Самал Шарамазанқызы

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы