Видео семинар

Жарияланған: 04.08.2016


Соңғы кездерi Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды қалаларында орын алған террористік актілер жайлы баспасөз беттерi мен теледидар хабарларындажиі айтылуда.  Барлық бүлік жасаушылар сыртқы жаулардың сойылын соққан өзіміздің қара көз бауырларымыз екеніне көзіміз жетті. Олар арам пиғылды бөтен елдің мүдделерін жүзеге асыру үшін небір озбыр әрекеттерге барды.

Қоғам арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзды.Мұндай топтар еліміздің тыныштығы мен бейбітшілігіне нұқсан келтірері сөзсіз.

Осы орайда, 2016 жылғы 4 тамыз күні ішкі саясат бөлімі, «Жастар» орталығы, және білім беру  қызметкерлерінің қатысуымен, терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытында, «Имандылық» орталығының ұйымдастыруымен  «Ұрланған балалық шақ», «Жат ағыммен арбалғандар» фильмдер көрсетілді.Бұл фильмдерде исламдағы дәстүрлі емес ағымдардың зияндылығы мен қаупі жайлы айтылды.

Шараның мақсаты  терроризм және діни экстремизм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру.

Шараға барлығы 25 адам қамтылды.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы