Уорвик Университетінің оқытушылары Баянауылда

Жарияланған: 09.08.2016


2016 жылдың 8 тамыз күні Баянауыл ауданының №2 ЖОББМ-нің базасында Уорвик университетінің оқытушылары Торғын Ерланқызы Шайхина, Доктор Нил Лалли, Джейми Бэйн, Акбота  Султангазина, Мона Ризви, Камиля Алтынбекова,Кейт Хитвард және Боринханкожа Азимха жазғы мектебін өткізуде. Жазғы мектеп ағымдағы жылдың 8-17 тамыз аралығында өтеді. Бұл шараның негізгі мақсаты: оқушылардың информатика пәнін ағылшын тілінде оқыту, тілді жетілдіру. Уорвик университетімен жұмыс жасауға ауданымыздың  50  оқушысы қатысуда. Аталған шараның ұйымдастырушысы, ауданымыздың мақтанышы, №2 Баянауыл ЖОББМ-нің түлегі, Уорвик университетінің докторанты Торғын Ерланқызы Шайхина болып табылады. Уорвик университетінің жеке қорынан №2 Баянауыл жалпы орта білім беру мектебіне 15 ноутбук сыйға берілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы