«Тарихи жолдар» киіз үйлік лагері

Жарияланған: 16.08.2016


Павлодар облысына қарасты Красноармейка ауылының маңында  "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл" толуына орай «Тарихи жолдар» ауданаралық   үш күндік жазғы киіз үйлік сауықтыру алаңы ұйымдастырылды. Баянауыл ауданының  7-9-сынып оқушылары спорттық және ұлттық  сайыстарға, «Болашағым», «Тәуелсіздікке 25 жыл» атты дөңгелек үстел, викториналық  сұрақ-жауаптарға, треннингтерге, флешмобқа белсене қатысып,  КВН ойынына аса үлкен қызығушылықпен дайындалып,  ауыл тарихымен танысып, елді-мекенде орналасқан білім ордаларына саяхат жасап қайтты. Ұйымдастырушылар оқушыларға  барлық жағдай жасады.

Тынығуға келген Баянауыл ауданының оқушылары қазақ халқының тарихы мен тұрмыс-тіршілігі, қазақтың ұлтық ойын түрлерімен танысты. Баянауыл жерінен Павлодар ауданына келген ұл-қыздар демалыспен қатар үш тілді қатар меңгерді. Қос өңірдің оқушылары тіл табысып, ағылшын тілін оқуға құлшына кірісті.

Қызықты да танымдық демалыстан алған әсерімен №1 Майқайың Жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Тәттімбет Жасқайратұлы 24 kz телеарнасының тілшілерімен бөлісіп,  сұқбатын берді.

Ефремовка ауылының музей қызметкері Светлана Шим жеткіншектердің назарына мәдениет ошағының қорындағы жәдігерлерді ұсынды. Жылдар бойы жиналған тарихи экспонаттардың басым бөлігін елді мекеннің тұрғындарына тиесілі екенін біліп қайтты.

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы