Семинар аудандық емханада

Жарияланған: 28.07.2016


2016 жылдың 28 шілде күні «Имандылық» орталығы мен аудандық аурухана бірлесіп, орталық емхана  қызметкелерінің қатысуымен діни сауаттылығын арттыру, діни экстремизмнің алдын алу, деструктивтік ағымдар қызметінің мәнін ашу мәдениет пен рухани мұрасын дәріптеу мақсатында медицина қызметкерлерімен семинар өткізілді.Барлығы 50 адам қамтылды.

 «Имандылық» орталығының директоры С.Сапарғалиев  қазіргі діни ахуалға тоқтала келе, дін атын жамылған ағымдардың зияны мен қоғамға қаупін түсіндіріп, Атырау, Ақтөбе, Алматы және көршілес Қарағандыоблыстарында орын алған террористік оқиғаларға тоқталып өтті.

Кездесуге қатысқан қызметкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

Имандылық орталығының инспекторы  З.Темірбекова

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы