Құрметті баянауылдықтар және қонақтар!

Жарияланған: 10.08.2016


Баянауыл ауданы ішкі саясат бөлімі Жастар орталығының ұйымдастыруымен 2016 жылғы 12 тамызда сағ: 14:00-де

«Арбат-2016 Баянауыл» жастар шығармашылық көрмесі алғаш рет аудан орталығында ұйымдастырғалы отыр.

«Арбат-2016 Баянауыл» жастар шығармашылық көрмесі Баянауыл ауылының орталық алаңында бірнеше арнайы бөлінген алаңдарда қол өнер, сурет салу, ән айту, бейнелеу өнері, музыкалық аспаптарда ойнау, суретке түсіру шығармашылық бағыттары және тәтті тағам жәрмеңкесін ұйымдастыру т.б. бойынша өтеді.

Орталық сахнада талантты жастар өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік болады.

«Арбат-2016 Баянауыл» жастар шығармашылық көрмесіне ат салысып қатысу мақсатында ауданның 14-29 жас аралығындағы жастарын және  сонымен қатар, аудан тұрғындарын жастардың өнерін тамашалап қолдауға шақырамыз!

 

 «Жастар орталығы»: ұялы тел: 87712640233, 87051782441, жұмыс тел: 91691

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы