Поэзияның жас «Раушаны»

Жарияланған: 26.12.2016


Шәкен Айманов атындағы мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Раушан Аманкелді сабақтан тыс уақытында бос өткізбей өнер білім үйренуге арнайды. Ол Жаяу Мұса атындағы Баянауыл балалар өнер мектебінің ақындар сыныбында оқып жүр. Тарих қойнауына енгелі тұрған 2016 жыл Раушан үшін сәтті жыл болды. Өйткені жас талантты ақын Алматы қаласында өткен мәдениет және білім порталы ұйымдастырған III Республикалық «Тәуелсіз ел ұланымын» атты патриоттық байқауы үздік патриоттық өлең номинациясыменI орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, Павлодар облысы білім беру басқармасының Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Поэзия» номинациясы бойынша балалар әдеби шығармашылығының облыстық «Қалам сынағы - 2016»байқауының II орын жүлдегері,IV облыстық «Мағжан оқулары» байқауында «ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бағыты бойынша II дәрежелі диплом алды.Өнер білімге құмар өскелең жастың, Білім ошағынан алған жүйелі білімі мен ұлағатты ұстаздарының ершімді еңбегі оны осы биіктерге көтерді. Сондықтан мектептегі ұстаздары мен жетекшілерінің еңбегіақталып ақжолтай хабар мерейін үстем етті. Арман жолыңның аспаны қашанда ашық болсын жыр «Раушаны»!

Жеңісбек ПӘЗІЛ,

Өнер мектебінің ұстазы.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы