«Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Жарияланған: 22.12.2016


      2016  жылдың желтоқсанының 12 мен 2017 жылдың қаңтарының 5  аралығында Баянауыл ауданы аумағында Жаңа жыл мерекесін өткізу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ  заңды және жеке тұлғалардың  азаматтық пиротехникалық өнімдерді яғни «от-шашулар» мен оларды қолданып жасалған бұйымдар айналымының белгіленген қағидаларын сақтауын бақылау мақсатында, «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасын 2-кезеңде өткізу ұйымдастырылды.

      Әкімшілік полиция, Жергілікті полиция қызметі мен Төтенше жағдай бөлімінің  өртке қарсы қызмет бөліністері қызметкерлерін тарта отырып, азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сатып алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, әкелу, әкету қағидаларын, сондай-ақ кәмелеттік жасқа  толмаған жасөспірімдерге  сатуға тыйым салуды түсіндіру бойынша жұмысы жасалуда.

      Барлық анықталған заң бұзушылық фактілері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сай жауапкершілікке тарту шаралары қабылданатын болады.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы