«Қош келдің, Жаңа жыл»

Жарияланған: 31.12.2016


МҚКК «Айгөлек» бөбектер бақшасының «Қош келдің, Жаңа жыл» атты ертеңгілігі өте қызықты басталып, бөлме  іші жаңа жыл мерекесіне сай безендіріліп, ортада шыршамыз жарқырап, балалар мерекеге сай әдемі киініп, көңіл көтерді.

Сценарий бойынша, құттықтау сөз МҚКК «Айгөлек» бөбектер бақшасының директоры С.С. Абжановаға берілді. Балалармен көңіл көтеруге ормандағы аңдарымыз түлкі, қоян, аю келді. Сайқымазақтар  маша мен аю  өз өнерін көрсетті. Балалар шыршамызға, аяз атамыз бен ақшақарымызға арнап әндері мен билерін билеп, тақпақтарын айтты.

Ескі жылымыз Мешін жылына біздің бөбектер өз ризашылықтарын білдіріп, шығарып салды. Келген жаңа жылымыз Тауық жылы өз балапандарын соңынан жетектеп алып шығып, билеп өзінің жылы лебізін білдірді. Аяз атамен Ақшақар өнер көрсеткен балаларға сыйлықтарын таратты. Осылай біздің Жаңа жылымыз өз мәресіне жетіп, барлық бүлдіршіндеріміз жақсы көңіл күйде болды.

Жаминова Разия Жумагельдиновна

«Айгөлек»бөбектер бақшасының әдіскері

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы