Өнерлінің өрісі кең

Жарияланған: 22.12.2016


Жаяу Мұса атындағы Баянауыл балалар өнер мектебінің Жаңажол ауылдық филиалыныңоқушылары,Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойына орай, Алматы қаласында «Атадан-мұра» қоғамдық қорының Жасөспірімдер мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған II Республикалық «Тәуелсіздік Тұғырым» байқауында өз өнерлерін көрсетіп топ жарды. Атап айтар болсақ байқауда вокал бағыты бойынша Жаңбырбай Әділхан I орынды жеңіп алса, көркем сөз оқудан Мадина Нұрболқызы III орынға ие болған. Сондай-ақ, желтоқсан айының ішінде Астана қаласында жас орындаушылардың ХІІ халықаралық «Астана – Мерей» байқауы өтті. Айтулы бəйгедеөнер мектебініңСəтбаев ауылындағы филиалының оқушысы Дария Үкібай «Дəстүрлі əн» бағытында өнер көрсетіп үшінші орынға лайық деп танылды. Арнайы дипломмен қатар Астанадағы ұлттық өнер университетінің колледжіне тегін оқуға жолдама берілді.

Мектеп ұжымы мен өнерлі оқушылардың ұстаздары Мөлдір Әсетқызы мен Төлеген Қанатұлыалғысымыз шексіз. Еңбектері жанып шәкірттері әрқашанда биіктерден көрініп, елге қуаныш сыйлай берсін!

 

Жеңісбек ПӘЗІЛ,

өнер мектебінің ұстазы.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы