Мешіттер арасында аудандық шағын футбол ойыны өтті

Жарияланған: 21.07.2016


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2016 жылғы 21 шілде күні Баянауыл ауылы орталығында орналасқан шағын футбол алаңында аудан мешіттерінің жамағаты арасында шағын футбол ойынынанбірінші ауыспалы кубок ойыны өтті.

Шараға Майқайың кенті, Бірлік, Торайғыр, Баянауыл және Ж.Аймауытов ауылдарынан барлығы 7 команда қатысты.

Шара қорытындысы бойынша «Металлург - Майқайың» командасы І орын және ауыспалы кубогін иеленсе, «Мұса Мырза мешіті» командасы ІІ орынды қанжығасына байлады және ІІІ орын «Бірлік ауылы» командасына бұйырып, командалар «Имандылық» орталығының атынан берілген грамоталар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

«Ж.Аймауытов», «Торайғыр ауылы», «Мұса Мырза мешіті - 2» және «Аңсар-Майкаин» командалары алғыс хатпен марапатталды.

Сонымен қатар, ойын барысында белсенділік танытқаны үшін «Ең үздік шабуылшы» номинациясымен Қапаш Нұрсұлтан және «Ең үздік қорғаушы»  номинациясымен Ербол Досов және Жастар орталығы атынан «Ең үздік жас ойыншы» номинациясымен Самархан Жұмабек марапатталды.

 

 

Дін мәселелері жөніндегі «Имандылық» орталығы

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы