Мемлекеттік корпорацияның жұмыскерлері қыстық сенбілік өткізді

Жарияланған: 29.12.2016


Азаматтарға арналған үкіметтің орталық аппарат жұмыскерлері жаңа жыл қарсаңында сенбілік өткізді. «Таза өмірдегі – таза болашақ» атты ұранмен екі жүзден астам әріптес ғимарат маңындағы қарды тазалауға жиналды. Ұжымдық іс-шараға басқарма төрағасы Данияр Еренчиновтің бастауымен  Қоғамның орталық аппаратының барлығы, сондай-ақдепартамент мамандары түгел қатысты. Тазалық таңертең жұмыс уақытына дейін басталды.

Аппарат басшысы Қайратғали Хайрулланың айтуынша, мұндай іс-шаралар ұжымды ұйымшылдыққа бастап қана қоймай, денсаулықты да шынықтырады. «Күнде өз тереземізден қаланың коммуналдық қызметтері қала көшелерін қардан тазартып жүргендерін көреміз. Ал жаңа жыл алдындағы жауған қар барлық ұжымға далаға шығып, астананы қардан тазартуда өз үлестерін қосуға тамаша бір себеп болды», - деді Хайрулла.

Сенбіліктемемлекеттік корпорация қызметкерлерін қолдап, іске сәттілік және армандарының орындалуына тілек білдіруге келген Аяз Ата мен Ақшақардың келуі ұжым үшін күтпеген жаңалық болды. Ал қар тазалау жұмысы аяқталған кезде, орталық аппарат эстафетаны Алматы қаласы бойынша жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментіндегі әріптестеріне жолдады.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы