«Мектепке жол» мейірімнен басталады

Жарияланған: 22.08.2016


Ағымдағы жылдың 1 тамызында басталған «Мектепке жол» акциясы жалғасуда.         

Баянауыл ауданы бойынша «Мектепке жол» акциясы аясында ауылдық  округтерде 17 баннер, 24 плакаттар ілінді, аудан әкімдігінің сайтына және облыстық білім беру басқармасының сайтына хабарламалар берілді. Акция барысында 225 аула аралау, 31 рейд жүргізілді.

2016 жылғы 16 тамызда Майқайың кентінде акция аясында ауқымды іс-шара өткізілді. Кенттің жеке кәсіпкелері нарық бағасынан төмен бағамен  «Мектеп жәрмеңкесін», «Кенші» мәдениет үйі қызметкерлері «Аялы алақан» концерттік бағдарламасын  ұйымдастырып, жеке кәсіпкерлер мен мекеме басшылары аз қамтылған, көп балалы отбасылары балаларына демеушілік көмек ретінде мектеп формаларын, спорттық киімдер мен оқу құралдарын сыйға тартты.  Атап айтсақ, Жеке кәсіпкер КамашевКосманбек Сламбекұлы 150 мың теңгеге 10 оқушыға, «Майқайың Алтын» ЖШС –і 70 мың теңгеге 7 оқушыға, «Майқайың Актас» ЖШС-і 11 оқушыға 85 мың теңгеге, «НПП Пневмоударное бурение»ЖШС-і 90 мың теңгеге 10 оқушыға көмек көрсетті.

Сонымен қатар, Баянауыл ауданы бойынша 16 мектепке біркелкі мектеп формасын дайындаған «СLASMAN» фирмасы – жеке кәсіпкер Гүлнар Токпаева Гүлнар Шайзатқызы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған отбасылардан  25 балаға мектеп формасын  тегін және көп балалы отбасылардан 40 балаға 40% жеңілдікпен берді.

         1 -18 тамыз аралығында аудан бойынша материалдық көмекке мұқтаж 187 балаға, 2171,,0 мың  теңгеге   көмек көрсетілді. Оның ішінде жаппай біліммен қамту қорынан 106 балағы 1389,0 мың теңге, демеушілер есебінен 81 балаға 782,0 мың теңге.

Баянауыл ауданында аталмыш іс-шараға барлық білім беру ұйымдарының қызметкерлері, аудан әкімдігі, Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, мемлекеттік ұйымдар басшылары, жеке кәсіпкерлер мен маслихат депутаттары белсенді қатысуда.

         24 –тамызда Баянауыл ауданы орталығында «Мектеп жәрмеңкесі» ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы