Мақтан етеміз!

Жарияланған: 28.12.2016


Жуырда елордасы Астана қаласында  Astana stars ұйымдастырушы комитетінің және Астана қаласы  мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен   халықаралық «Жаңа жылдық көңіл күй» атты байқау-фестиваль өтті. Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 160-тан астам, алыс-жақын шетелдерден бірнеше оқушылар қатысты.  Байқау вокал,  хореография, театр және  аспаптық жанрлар бойынша өтті. Аталмыш байқауда Майқайың балалар өнер мектебінің  фортепиано бөлімінің оқушысы Таттыбекова Гулназ  сынға түсіп,  бар өнерімен көрермен қауымды тәнті етті. 

Тартысты өткен «Жаңа жылдық көңіл күй» байқауының қорытындысы бойынша фортепиано бөлімінің оқушысы Таттыбекова Гулназ  жүлделі ІІІ орынға ие болып, биіктен көрінді. Әрине бұл байқауға өзіндік үлесін қосып, шәкіртін дайындап, талмас талап пен қажымас қайраттың үлгісін көрсеткен жетекшісі Гиберт Анастасия Валериевнаға шығармашылық табыстар тілейміз, шәкірттері биіктен көріне берсін. 

Өнерлерің өрге жүзіп, алда талай асуларды бағындыратындарыңызға сенеміз! 

Майқайың балалар өнер мектебінің  

оқу ісінің меңгерушісі  

Д.О.Нургазинова 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы