Майқайың балалар өнер мектебінде «Тәуелсіздік тұғырым» атты байқау өтті

Жарияланған: 23.12.2016


2016 жылдың желтоқсан айында  Майқайың балалар өнер мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында «Тәуелсіздік тұғырым» атты байқауы өтті. Байқаудың мақсаты - ұрпақ санасына ұлтжандылық рухын сіңіріп, таным көкжиегін байыту.

Еліне, жеріне деген махаббатын сахна төрінде өнері арқылы насихаттап, өз қатарластарына үлгі бола отырып, тұлғалық дамуына үлес қосу. Байқау тәуелсіздік пен елдік тақырыбындағы шығармаларға арналды. Жас шамасына қарай: ұлттық аспаптар бөлімі (3 сынып), вокал және фортепиано бөлімінің оқушылары (1 сынып) қатысты.

Байқауда мектеп директоры Батталова Алия Абикенқызы, этно-сольфеджио мұғалімі Мунталип Берікбол  қазылық етті. Қазылар алқасы оқушылардың дауыс мәнері мен кеңдігіне, аспапта ойнай білу шеберлігіне, сахна мәдениетін сақтай білуі мен киім үлгісіне, үміткерлердің әртістік шеберлігіне аса назар аударды.

Байқаудың қорытындысы бойынша вокал номинациясынан  мектеп оқушылары Алибек Фатима және Ботаев Арлан жүлделі І орынды иеленсе, Бакиева Сымбат ІІ, Қуандық Аяжан ІІІ орынды иеленді. Фортепиано номинациясы бойынша Советова Нұрсұлу ІІорын, Чмырь Данила ІІІ орынды иеленді. Ұлттық аспаптар номинациясымен Ахметова Нұргүл және Дүйсенбаев Ересім І орынды иеленсе, Шаймурат Махтибар мен Қасымбек Ақсұңқар ІІ, Сүйіндікова Малика ІІІ орынды иеленді. Қуатова Анеля, Асылханова Жанель және Егінтаев Мақсат байқауға белсене қатысқандары үшін марапатталды. Байқаудың барлық қатысушыларына мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

 

 

Майқайың балалар өнер мектебі директордың

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Х.Хабдраш

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы