Әлемдік үйлесімділік жүгірісі

Жарияланған: 26.07.2016


Баянауылдықтар «Әлемдік үйлесімділік жүгірісі» алаулы эстафетасына қатысушыларды қарсы алды. Биыл үйлесімділік жүгірісі Қазақ елінің Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. 
        «Әлемдік үйлесімділік жүгірісі» алаулы эстафетасына қатысушыларды аудандық «Жастар орталығы», дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Жас дәурен» сауықтыру орталығы қарсы алды. Биылғы «Әлемдік үйлесімділік жүгірісінің» үйлестірушісі — Дәурен Оспанов Баянауылдықтарға жылы лебізін білдіріп, жиналған жастарға кезек-кезек бейбітшілік алауын ұстатты.  
       «Әлем жүгірісі» - халықаралық шырақты жеңіл атлетикалық эстафетасы әр ұлт өкілдері арасындағы бірлестікпен бейбітшілікке шабыттандырады, патриоттық сезімді оятады, салауатты өмір салтын насихаттайды. Эстафетаның жалғасын табу үшін жағылған шырақтар әлемнің түкпір-түкпір жерлерін аралайды. 

Жастар орталығының дректоры Р.Ильдин 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы