«ЭКСПО-ның жарық шамдары аясындағы –Жаңа жыл» атты аудан әкімі шыршасы

Жарияланған: 28.12.2016


2017 жылғы Баянауыл ауданының жетім , ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған

«ЭКСПО-ның жарық шамдары аясындағы –Жаңа жыл»  атты аудан әкімі шыршасы өтті. Бұл шыршаны «Зейтін Ақышев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ ұжымы өткізді.

Шыршаны  қарқыз бен сайқымазақ жүргізді. Сондай ақ ,  ЭКСПО ,

тауық жылы , мешін жылы, мыстан кемпір, шайтан, ертегі кейіпкерлері Скубиду, Алекс, Микки Маус, Панда, жолбарыс, қоян, аққала, сығандар қатысты.

Шырша мерекесі жоғары сынып оқушыларынан құралған 30 санта клаус биімен басталады. Би соңында балалар «ЭКСПО 2017» эмблемасын алып шығып, Астанадағы көрмеге дайындалып жатқан әсем, жаңа ғимараттардың суретінен парад құрды. Кішкене қар қыздарының  биімен ЭКСПО ортаға шығып баршаны жаңа жылмен құттықтап әсем ән тарту етті.

Баянауыл  аудан әкімі Қайыргелдинов Оразгелді Әлиғазыұлының   құттықтау сөзімен  орынбасары  Тоғжигитова Бақыт Кенжеқайырқызы баршаны құттықтап , сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ сыйлықтар жасауда демеушілік жасаған бірқатар азаматтарға алғыс айтып өтт.                                                

Шырша барысында балалар жаңа тауық жылын қарсы алып, мешін жылын шығарып салды. Тауық жылы өзінің жұмыртқаны жарып шыққан 30 балалапнымен келіп , баршаға әсем билерін тарту етті. Аяз ата мен Ақшақар атқа жегілген шанамен келіп, барша бүлдіршіндерді қуантты. Жалпы шырша өте көңілді өтті деуге болады. Себебі, ата- аналар ризашылығын білдіріп жатыр. Балаларға да ұнады.

ТІМ :      Мұрсалова Ш.І.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы