«ЭКСПО 2017»- индустрилизацияның символы» атты таным сағат өтті

Жарияланған: 05.08.2016


Ұзынбұлақ ауылдық кітапханасында  «ЭКСПО 2017- индустрилизацияның символы» атты таным сағат өтті.  Осы шараға ауыл тұрғындары, оқырмандары, студенттері  қатысты. «Астана-ЭКСПО 2017» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайд көрсетілді.  Шараның басты мақсаты – оқырмандарды «ЭКСПО - 2017» туралы ақпараттандыру. Кітапханашы Ж.Ақылбекова Астана қаласында өтетін  халықаралық көрменің негізгі тақырыбы - "Болашақ энергиясы" мақсатын, мүмкіндіктерін және  сәулетті құрылыстары жайлы айта отырып, көрме әлемді көпұлтты мәдениет,  тарих, өнер, дәстүр мен қазақстандықтардың қонақжайлығымен таныстырып,  Қазақстанның туристік қабілеттілігін арттыратынына тоқталды. 
           Халықаралық көрме «ЭКСПО – 2017»   қазақ еліне деген әлем халықтарының сенімі, еліміздің мерейі, Елбасының беделі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы