Дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы!!!

Жарияланған: 08.08.2016


2016 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясыөтеді.

Ағымдағы жылы, Білім және ғылым министрлігінің әлеуметтік бағыттағы бұл бастамасы «Бақытты балалық шақ мекені!»тақырыбымен өткізілуде

Акция мақсаты – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көп балалы отбасылар және әлеуметтік қорғалмаған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша оқушыларды мектепке бармауын алдын алу үшін көмек көрсету. Олардың мектеп формасы, оқуға  қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтылып, алаңсыз білім алуына жағдай жасау.

Осыған байланысты ауданның білім бөлімі жаңа оқу жылының қарсаңында көмекке мұқтаж балаларға демеушілік көрсетем деген мекеме басшылары мен аудан тұрғындарынқайырымдылық марафонына қатысуға шақырады.

            Құрметті Баянауылдықтар, егер де әр түрлі себеппен мектепке бара алмай отырған балалар туралы мәліметті білсеңіз немесе мұқтаж балаларға  көмек көрсетіп өз үлестеріңізді қосамын десеңіздер ауданның білімбөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Байланыс телефондары: 9-20-67, немесе: bayanaul_roo@mail.ruэлектронды поштаға жолдауға болады.

 

Білім бөлімі басшысының м.а.М.Абдыкаримов

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы