Әдіскерлермен кездесу

Жарияланған: 28.07.2016


2016 жылғы 27 шілде күні Баянауыл Жастар орталығында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында, сонымен қатар алдағы тамыз айында жоспарланып отырған іс-шаралар туралы Майқайың кенті және ауылдық округтерінің жастар ісі жөніндегі әдіскерлерімен кездесу семинары өтті.

         Семинарда «Жасыл Ел» бағдарламасының ауданда іске асырылу барысы туралы орталықтың жастар ісі жөніндегі инспекторы М.Тулеубаев,  «Жасыл Ел» бағдарламасының Ақсаң ауылдық округінде іске асыру барысы туралы аталған округтің жастар ісі жөніндегі әдіскері А.Сембекова, алдағы уақытта атқарылатын іс-шараларды жоспарлау «Арбат-2016» шарасын аудан орталығында ұйымдастыру жұмыстары туралы жастар орталығының Р.Ильдин хабарлама жасады.

         Кездесуге сондай-ақ, «Арбат-2016» шарасын жоғары деңгейде өткізу бойынша көмек көрсету мақсатында С.Торайғыров атындағы мәдени-сауық орталығының аға әдіскері Ж.Қадыр қатысты.

         Семинар қортындысы бойынша қатысушылар өз ойларын ортаға салып алдағы жоспарларын айқындады.

 

                            Жастар орталығы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы