Бокстан Республикалық турнир

Жарияланған: 10.08.2016


2016 жылғы 11-14 тамыз күндері Баянауыл елінде аудан әкімінің жүлдесіне арналған бокстан 2001-2002, 2003-2004 ж.т. жасөспірімдер арасында өтетін дәстүрлі ІV Республикалық турнирі өткізіледі. Жарысқа Қарағанды қаласы, Талдықорған қаласы, Павлодар қаласы, Екібастұз қаласы, Ақсу қаласы командалары қатысады.

Салтанатты ашылу рәсімі 11 тамыз сағат 15.00де Баянауыл ауданының балалар жасөспірімдер спорт мектебінде басталады. Турнирге жалпы басшылық, ұйымдастыру және өткізу ауданның дене тәрбиесі және спорт бөліміне жүктеледі.

Жарыстың бағдарламасы:

11 тамыз күні

15.00 сағ. – Турнирдін салтанатты ашылу рәсімі

15.30 сағ. – Іріктеу сайыстары

12 тамыз күні

10.00 сағ. – Іріктеу сайыстары

13 тамыз күні

10.00 сағ. – Жартылай финал

14 тамыз күні

10.00 сағ. – Финал

12.00 сағ. – Турнирдін жабылу рәсімі

 

Анықтама телефондары: 8(71840) 9-17-42, 87051329163

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы