Бірлікте өткен ауыспалы кубок

Жарияланған: 08.08.2016


2016 жылғы 7 шілде күні сағат 10.00-де Баянауыл ауданы Бірлік ауылында Қазақстан Ресбуликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында және Конституция күні қарсаңында, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, мешіттер арасындағы қарым-қатынасты күшейту, жалпы адамгершілікті, гуманизмді, толеранттылықты және жастарды Отан сүйгіштікке баулу мақсатында мешіттер арасында шағын футболдан «Ақ қайың» қоғамдық қорының облыстық дәстүрлі ауыспалы кубогі өтті.

Шараны Бірлік ауылының әкімі С.Аханов ашты. Облыстық М.Ж.Көпеев атындағы орталық мешіттің найиб имамы, қари Е.Құдабаев Баянауыл орталық мешітінің бас имамы С.Кожин, Майқайың мешітінің имамы, «Ақ қайың» қоғамдық қорының төрағасы Бодаубек Солдат спортшыларды құттықтап, Ислам діні бірлікке шақыратын таза дін, дін атын жамылған түрлі жат діни ағымдардың әлем алдында қасиетті «Ислам» дінін жағымсыз ғып көрсетуі, ел бірлігін құлдырату бөтен мемлекеттер үшін тиімді, сондықтан бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару керек екенін айтып өтті.

Баянауыл ауданынан «Мұса Мырза мешіті», «Аңсар-Майқайың», «Металлург - Майқайың», «Торайғыр мешіті», «Бірлік мешіті», «Бірлік - жастар» және Ақсу, Екібастұз қалаларынан барлығы 8 команда катысып, бақ сынады.

Командалар таңғы сағат 10:00 ден кешкі сағат 21:30 дейін тартысты ойын көрсетті.

Ойын қорытындысы бойынша Ақсу қаласының командасы жүлделі ІІІ орынды қанағат тұтты. Ақырғы кезеңге өткен «Металлург - Майқайың» мен «Бірлік мешіті» ойынның негізгі уақытында тең түсіп, жарыс жеңімпазы пенальтиден ғана анықталды. Бағы мен бабы қатар шапқан «Металлург - Майқайың» І орын мен «Ақ қайың» қоғамдық қорының ауыспалы кубогін иеленсе, «Бірлік мешіті» командасы жүлделі ІІ орынға табан тіреді. Орын алған командалардың мүшелері алтын, күміс және қола түстес медалдар тағылып, ақшалай сыйлықтар табысталды. Қалған командалар Алғыс хаттар және жеке номинациялармен марапатталды.

Шараға 100 адам қамтылып, Бірлік мешітінің асханасында ас берілді.

Сайыстың өтуіне жағдай жасаған Бірлік ауылдық округінің әкімшілігіне, демеушілікпен мұрындық болған Баянауыл ауданының ішкі саясат бөліміне, дін мәселелері жөніндегі «Имандылық орталығына», Бірлік, Торайғыр, Мұса Мырза мешіттеріне, Қ.Адильшин, Шадыр Нұрхиса, М.Игисинов және ұйымдастырушы, «Ақ қайың» қоғамдық қорының мүшесі, жеке кәсіпкер Е.Досов сынды азаматтарға сонымен қатар, Екібастұз, Ақсу қалаларының командаларын дайындап, қатысуларына ықпал жасаған Ақсу мешітінің наиб имамы Жомарт Семсерханұлы мен Екібастұз мешітінің ұстазы, қари С.Хадиршаевқа Алла разы болсын деп, алғысымды білдіремін.

 

                    Майқайың мешітінің имамы

«Ақ қайың» қоғамдық қорының төрағасы Б.Солдат

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы