Баянауыл ауданы Жанажол ауылында МәшҺүр Жүсіп кесенесінің жанында мәдени-қонақ кешенінің салтанатты ашылуы өтті

Жарияланған: 22.08.2016


Баянауыл ауданында этнограф, тарихшы, фольклортанушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы кесенесінің жанындағы мәдени-қонақ үй кешенінің салтанатты  ашылуы өтті. Шараға Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов, аудан әкімі Оразкелді Қайыргелдинов қатысты.

Мәдени-қонақ үй кешенінің тұсаукесеріне өңіріміз бен республикамыздың көрнекті қоғам қайраткерлері, ақындар мен жазушылар, ұлы ойшылдың туыстары қатысты.   

- Қасиетімен халқына қорған, өсиетімен ұрпаққа тұғыр болған бабамыздың бұл мекені - жыл он екі айда тағзым етіп келуші жамағаттан үзілген емес. Өйткені Мәшһүр бабамыздың өмірі мен еңбегі, парасаты мен қасиеті баршамыз үшін қашан да жоғары тұр, - деп атап өтті аймақ басшысы өзінің құттықтау сөзінде. – Мәшһүр Жүсіп бабамыздың ұлтымыздың тарихындағы орны биікте тұр. Сондықтан да, осындай тұлғаларды дәріптеу, насихаттау арқылы біз болашағымыздың бағдарын айқындай аламыз. Алдағы уақытта, осы мекенді одан әрі дамыту қарастырылып отыр.

«Ескелді» қонақ үй кешені мыңдаған адамдар үшін зиярат орнына айналған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы кесенесінің жанында орналасқан. Кешен 40 адамға арналған бөлмелері бар екі қабатты ғимараттан тұрады. Сонымен бірге, мұнда асхана мен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлыынң мемориалдық мұражайы бар. Кешенде мүмкіндігі шекттеулі жандар үшін пандустар орнатылған.

Шара соңында бәйге ұйымдастырылды.

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы