• Меню » Жаңалықтар мұрағаты » Мұрағат 2016 » Баянауыл ауданы әкімінің жүлдесіне арналған бокстан 2001-2002, 2003-2004 ж.т. жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі ІV Республикалық турнир өтті

Баянауыл ауданы әкімінің жүлдесіне арналған бокстан 2001-2002, 2003-2004 ж.т. жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі ІV Республикалық турнир өтті

Жарияланған: 15.08.2016


Ағымдағы жылғы тамыз айының 10-14 күндер аралығында Баянауыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Қазақстан Республикасының кәсіби мерекесі – спорт күніне орай Баянауыл ауданы әкімінің жүлдесіне арналған бокстан 2001-2002, 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер арасындағы ІV Республикалық турнир өтті. Турнир салауатты өмір салтын насихаттауға, жастарды отанды сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеуге, спортшылардың спорттық шеберлігін арттыруға бағытталған. Жалпы турнирға 16 команда 133 жасөспірім спортшылар қатысты,  атап айтқанда Павлодар қаласынан 4 команда, Екібастұз қаласы, Ақсу қаласы, Қарағанды қаласынан 2 команда, Астана қаласы, Жезқазған қаласы, Алматы облысы 1 команда, ШҚО 1 команда, Семей қаласы 1 команда, Парамоновка ауылы және Баянауыл ауданынан 2 команда. Жарыстың бас төрешісі – Халықаралық АИБА төрешісі Қайрат Ершатұлы Сафин (Семей қаласы). 

         Жарыстың қорытындысы бойынша 2003-2004 ж.т. жасөспірімдер арасында 32 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынды Жакенов Е. (Баянауыл ауданы) және Сайлауғазы И. (ШҚО) бөлісті. ІІ орынды Кострицкий Н. (Қарағанды қаласы) иеленді. І орынды Нигметов Б. (Қарағанды қаласы) қанжығасына  байлады. 34 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынды Касимов А. (Баянауыл ауданы) және Әділғазы Б. (Екібастұз қаласы) бөлісті. ІІ орынды Берік Н. (Үштөбе қаласы) алды. І орынды Келдібеков Н. (Үштөбе қаласы) иеленді. 36 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынды Кукаев Р. (Павлодар қаласы) және Бөлекбай Б. (Астана қаласы) алды. ІІ орын Қажығали И. (ШҚО). І орын Ташмухамбетов Е. (Павлодар қаласы) иеленді. 38 кг салмақ дәрежесінде Омаров М. (Астана қаласы)  және Байгуатов М. (Астана қаласы) ІІІ орынды алды. Төлеубай А. (Қарағанды қаласы) ІІ орынды  иеленді. І орынды Баяндосов А. (Ақсу қаласы) алды. 40 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынды өзара бөліскен Досмагамбетов Ж. (Екібастұз қаласы) және Байболатов Ж. (Баянауыл ауданы). ІІ орын Жукубаев Т. (Павлодар қаласы). І орын Шавдиров А. (Екібастұз қаласы). 42 салмақ дәрежесінде ІІІ орынды Баспаков Д. (ШҚО) және Акімжан А. (Астана қаласы) алды. ІІ Ахмадин Ә. (Үштөбе қаласы), І орынды Балтабаев Ш. (Ақсу қаласы) иеленді. 44 кг салмақ дәрежесінде ІІІ Қайыржанов Д. (Баянауыл ауданы) және Манап Ш. (Екібастұз қаласы). ІІ орынды Болаткельдиев Н. (ШҚО) алды. І орынды Сатыбай Н. (Қүндыкөл ауылы, Баянауыл ауданы) алды.

         2001-2002 ж.т. жасөспірімдер арасында 44 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынды Амангельдинов Б. (Павлодар қаласы) және Мұхтаров А. (Астана қаласы) алды. ІІ орынды Нугуманов А. (Семей қаласы) иеленді. І орынды Сабыр Е. (Павлодар қаласы)  иеленді. 46 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынды Назархан Е. (Жезқазған қаласы) және Мухаметжанов Р. (Астана қаласы) өзара бөлісті. ІІ орынды Арсенов Ж. (ШҚО) иеленді және І орынды Кұренбаев С. (Павлодар қаласы) иеленді. 48 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынды Аширбеков Б. (Астана қаласы) және Жылқыбаев Ұ. (Қарағанды қаласы) алды. ІІ орынды Әлімуханов Т. (ШҚО) иеленді. Райымбеков Е. (Семей қаласы) І орынды иеленді. 50 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынды Ыбраим А. (Алматы облысы) және Қабиден И. (Павлодар қаласы) алды. ІІ орынды Төлегенов М. (Екібастұз қаласы) иеленді. І орынды Тұрабеков Қ. (Екібастұз қаласы) иеленді. 52 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынды Әмірғазы Т. (ШҚО) және Аманкельдинов Б. (Астана қаласы)  иеленді. ІІ орынды Қайролла А. (Павлодар қаласы) иеленді. І орынды Ораз А. (Баянауыл ауданы) иеленді. 54 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынды Мухамедрахим Е. (Баянауыл ауданы) және Бакыев Ы. (Павлодар қаласы) алды. ІІ орынды Тұяқбай Д. (Павлодар қаласы) алды. І орынды Сабитов Т. (Баянауыл ауылы) иеленді. 57 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынды Сержан Н. (Парамоновка ауылы) және Егінбаев Д. (Ақсу қаласы) алды.ІІ орынды Бейсембай Ж. (Ақсу қаласы) иеленді. І орынды Бармин Д. (Екібастұз қаласы) иеленді. 60 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орынды Құрманғали Д. (Павлодар қаласы) және Тураханов С. (Павлодар қаласы) алды. ІІ орынды Сатыбай Е. (Құндыкөл ауылы, Баянауыл ауданы) иеленді. І орынды Жаманбаев А. (Үштөбе қаласы) иеленді.

         Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы жасалған медальдармен және сыйлықтармен марапатталды.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы