Баянауыл ауданы Баянауыл ауылдық округі жергілікті қоғамдастығының өткізілген жиналысының ХАТТАМАСЫ

Жарияланған: 12.10.2016


Мемлекеттік ұлттық табиғи                                                                                                                        2015 жылғы 21 шілде

паркі мемлекеттік мекемесі                                                                                                                              сағат 15:00

Төрағалық етуші:                                Баянауыл ауылдық округі

                                                            әкімінің міндетін атқарушы

                                                            Толеубекова Жанар Қуанышқызы

 

Қатысушылар:          Жергілікті қоғамдастықтың мүшелері

                                                              барлығы - 135

 

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өту аясында Баянауыл ауданыннан майданға қатысып ерлік көрсеткен Ұлы Отан соғысының ардагерінің атымен Баянауыл ауылдық округі Шонай ауылының көшесіне атау туралы.

Жиналыстың төрағасы: Құрметті жиналысқа қатысушы қауым!

1941-45 жылдары болған сұрапыл соғыстың аяқталғанына, яғни Ұлы жеңіске 70 жыл толды.

Осыған байланысты, Баянауылдан майданға аттанып, ерлік көрсеткен ағаларымыздың есімін мәңгі есте сақтау және өскелең ұрпақтың жадына сіңіру біздің парызымыз.

Осыған орай, бүгінгі күн тәртібіне жоғарыда аталған мәселені қойып отырмыз:

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша кімде қандай ұсыныс бар?

Шонай ауылының тұрғыны еңбек ардагеріАлтыбаева Алтыншаш: мен де ұсыныс бар. 

Жиналыстың төрағасы: СөзШонай ауылының тұрғыны еңбек ардагеріАлтыбаева Алтыншашқа беріледі.

Құрметті жерлестер! Біздің жерлесіміз Лесхозда жұмыс жасады, еңбекқор адам болатын, кезінде өзінің жерінің табиғатын қорғауға көп жылдар ат салысқандардың бірі. Тіпті, кезінде егемендігімізді жаңа ғана алып, етек – жеңімізді жия бастаған жылдарда жанын пида етіп, ерлікке лайық батыл іс көрсеткендігі әлі күнге дейін көптің аузында.  Ұлы Отан соғысында неміс-фашист басқыншыларынақарсы өшпестей ерлік көрсеткен Мәскеуді, Ленинградті жаудан қорғап 9 рет жарақаты болып, еліне оралды. Ұлы Отан сғысына қатысып бірнеше медальдармен, ордендермен марапатталды.

Осымен қатар, Нағым Байқошқарұлы Солтаналинның майданада өшпестей ерлік көрсеткенін айта келе Баянауыл ауылдық округі Шонай ауылында көше атына аталған ағамыздың есімін беру жөніндегі ұсынысын айты.

Жиналыстың төрағасы: Кімде тағы қандай ұсыныс бар?

Шонай ауылының тұрғыны еңбек ардагері Баужанов Сабит: Менің де ұсыныс бар. 

Жиналыстың төрағасы: СөзШонай ауылының тұрғыны еңбек ардагері Баужанов Сабитке беріледі.

Мен Алтыбаева Алтыншаштың ұсынысын қолдаймын және Нағым Байқошқарұлы Солтаналин туралы Сіздерге мәлімет берейін.

Осыдан кейін Баужанов Сабит, Нағым Байқошқарұлы Солтаналиннің өмір баянменен жергілікті қоғамдастық мүшелеріне толық мәлімет берді.

Жиналыстың төрағасы: Құрметті жерлестер!

Айтылған ұсыныстар бойынша соғыс ардагері Солтаналин Нағым Байғошқаұлы есімдерімен Шонай ауылының көшесін атау үшін дауыс беруге көшейік, дауысты жеке-жеке береміз-бе, әлде жалпы дауысқа саламыз ба?

Жергілікті қоғамдастық мүшелері: жалпы дауы береміз.

Жиналыстың төрағасы: айтылған ұсыныстар бойынша дауыс беріңіздер? Кім жақтайды? 135 адам  жақтап дауыс берді.

Жиналыстың төрағасы: Қарсы дауыс бергендер – жоқ, қалыс қалғандар жоқ.

Жиналыстың қорытындысы осы хаттамамен бекітіліп төмендегідей шешім қабылданды:Баянауыл ауылдық округі Шонай ауылының көшесіне Ұлы Отан соғысының ардагері Нағым Байқошқарұлы Солтаналинің есімі берілсін.

Жиналыстың төрағасы: Құрметті жерлестер! Күн тәртібіне қойылған мәселені талқылау аяқталды, осы жиналысқа келіп қатысқандарыңыз үшін Сіздерге рахмет, сау болыңыздар.

Жиналыстың төрағасы                                               Ж.Толеубекова

Жиналыстың хатшысы                                               Н.Смаилов

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы