Баянауыл аудандық «Баянтау» газетінің 85 жылдық мерейтойы

Жарияланған: 26.12.2016


Баянауыл баурайының жазиралы жасыл желекті жерінде көп жылдар бойы ауданның тарихын әдеби тілмен өрнектеген аудандық «Баянтау» газетінің 85 жылдығына арналған мерейтой өтті. Аудан әкімі Оразгелді Әліғазыұлы Қайыргелдинов құттықтау сөз сөйлеп, газеттің дамуына үлес қосып, көп жылдар қызмет жасаған Гүлжамал Құттыбайқызын, Қорлан Райымбекқызын, Мақпуза Мұхамеджанқызын, Бағзад Нұртайқызын, Қазиза Мәуленқызын аудан әкімнің Құрмет грамотасымен марапаттады. Сонымен қатар қазіргі уақытта қызмет жасап жүрген газет ұжымының жас журналистерін Әлия Жұматқызын, Бауыржан Айтмұханұлын, Айдын Айтбайұлын, Қымбат Байдаулетқызын, Еламан Хасенұлын аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Басылым мен баспахананың көркеюі жолында сан жылдар бойы тер төгіп, қажыр-қайрат танытқан бірқатар азаматтар Светлана Бердалинаны, Рахила Ержанқызын, Зейнеп Дүйсенбекқызын, Қанат Титанұлын, Бауыржан Амангелдіұлын аудандық мәслихат депутаты Айдос Маненов марапаттады. Ауданның Құрметті азаматы Рахметов Мұрат Дүйсенбайұлы, Зекебай Солтанбайұлы, Алпысбес Әділханұлы, Сүлеймен Баязитұлы, Қорлан Райымбековаға, Гүлжамал Құттыбаеваға, Мақпуза Мұхамеджановаға  85 жылдығымен құттықтап  жылы лебіздерін білдірді.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы