Баланың тууы туралы өтініш беру мерзімдері

Жарияланған: 22.08.2016


Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 9 сәуірдегі  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 501-V Заңын іске асыру шеңберінде Павлодар қаласы азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі  Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 189- бабына баланың тууы туралы өтінішті тапсыру мерзімдеріне қатысты өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды.

Баланың тууы туралы өтінішті оның ата-аналары не басқа да мүдделі адамдар тіркеуші органдарға ол туған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс, ал бала өлі туған жағдайда, босанған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы өтінішті береді.

Бала туылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кейін тіркелген жағдайда қосымша мыналар тапсырылады:

1) ата – ананың түсініктемесі;

2) баланың тұрғылықты орны бойынша және ата – ананың тұрғылықты орны бойынша тіркеу органының туу туралы акт жазбасының жоқтығы туралы (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін туылған балаларды қоспағанда) анықтама;

3) баланың тұрғылықты орны бойынша денсаулығы туралы (өтініш берілген уақыттан бастап 7 (жеті) күн кешіктірілмей берілген) анықтама;

4) қызмет алушы өтініш білдірген жағдайда нотариалды расталған сенімхат.

Егерде бала тууды бала туылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен  мерзім өткеннен кейін тіркеген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде көрсетіледі, өтініш бойынша баланы мемлекеттік тіркеу тіркейтін орган жасаған қорытынды негізінде жүргізіледі.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы