Байқау жеңімпаздары марапатталды

Жарияланған: 26.12.2016


Майқайың балалар өнер мектебінде желтоқсан айының республикалық байқау жеңімпаздары мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған «Тәуелсіздік тұғырым» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау рәсімі мектеп директоры Батталова Алия Абикенқызының алғы сөзімен басталды. Алия Абикенқызы оқушыларды жеткен жетістіктерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. 

         Астана қаласында  өткен «Ұлы дала – ұрпағы» атты I Республикалық байқауының «Алтын медаль» иегері -  Досанова Аружан , «Күміс медаль» иегері Ботаев Арлан, алғыс хат иегері Арман Гүлнар, сондай-ақ «Еуразиялық гендік қор» ғылыми-өндірістік білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық байқау жеңімпаздары Қуатова Анеля, Қуатова Дильназ, Ахаева Аяулым, Күзембаева Аружан, Нұрболқызы Назым, Шакирова Айсезім бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен қатар Алматы қаласында «Атадан мұра» қоры ұйымдастырған бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары арасында ІІ Республикалық «Тәуелсіздік тұғырым» атты байқауының жүлделі ІІІ орын иегері Вовкаұлы Құдайбергенді де құттықтап арнайы мақтау қағазы және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

       Талантты шәкірттерді байқауға жоғары деңгейде дайындағаны үшін мектеп ұстаздары  – мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нургазинова Дана Оразғалиқызы, қолөнер бөлімінің ұстазы Кенжехан Арнагүл, көркемсурет бөлімінің ұстазы Токубулатова Гүлнар Зейнелқабиденқызы және вокал бөлімінің ұстазы Башарова Айгүл Жұматайқызына арнайы алғыс хаттар табысталды. 

           Марапаттау рәсімі шағын мерекелік бағдарламамен жалғасын тапты. Мерекелік бағдарламада мектептің ұстаздарынан құрылған квартет,вокал бөлімінің оқушылары Алибек Фатима, Ботаев Арлан,  домбыра бөлімінің оқушылары Ахметова Нұргүл, Вовкаұлы Құдайберген, «Айналайын» үлгілі би ұжымы өнер көрсетті. 

Майқайың балалар өнер мектебі директордың

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Х.Хабдраш

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы