Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған

Жарияланған: 02.08.2016


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Майқайың кенті мен ауылдық округтер арасында спорттың олипиадалық, ұлттық және халықтық түрлері бойынша ХIХ аудандық спартакиадасында алты спорт түрлері бойынша есеп қорытындысы:

Президенттік қашықтық спорт түрінен 11 ауылдық округі қатысты. Жарысқа 40-тан аса спортшы қатысты. Ерлер мен Әйелдер және 3 топқа (18-39, 40-49, 50 жастан жоғары) бөлінді. Командалық есепте I орынды Жаңатілек а/о иеленсе, II – орын Ақсан а/о, III – орынды Майқайың кенті иеленді.

Гіртас спорт түрінен 12 ауылдық округі қатысып, 4 салмақ дәрежесінде (73,78,85,+95) 30-дан аса спортшы күш сынасты. Командалық есепте I орынды Құндыкөл а/о иеленді, II орынды Күркелі а/о алса III орынды Баянауыл а/о алды.

Қол күрес спорт түрінен 4 салмақ дәрежесінде (65,70,80,+90) 30-дан аса спортшы 12 ауылдық округтен қатысты. Командалық есепте I орынды Қызылтау а/о иеленді, II орынды Майқайың кенті алса, III орынды Баянауыл а/о алды.

Қазақ күресінде 12 ауылдық округ арасында   60,74,82,+90 салмақ дәрежелері бойынша өтті. Командалық есепте I орынды Майқайың кенті иеленсе, II орынды Торайғыр а/о, ал III орынды Бірлік а/о иеленді.

Арқан тарту спорт түрінен 12 ауылдық округ қатысты. I орынды Құндыкөл а/о, II орынды Күркелі а/о және III орынды Торайғыр а/о иеленді.

Асық ату спорт түрінен 13 спортшы қатысты. I орынды Торайғыр а/о, II орынды Ұзынбұлақ а/о және III орынды Жаңатілек а/о иеленді.

Аудандық спартакиаданың қорытындысы бойынша Баянауыл ауылдық округі І орынды иеленіп, ІІ орын иегерлері - Майқайың кенті атанды. ІІІ орынға  – Жаңатілек ауылдық округі жайғасты.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы