Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Ұлттық музейге сый-тарту» акциясы жалғасуда

Жарияланған: 20.07.2016


2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі «Ұлттық музейге сый-тарту» акциясын өткізуде. Акция Астана, Алматы, Кызылорда, Ақтөбе және Шымкент қалаларында ойдағыдай өтті. Өткізілген акцияның нәтижесінде Ұлттық музей қоры 2141 экспонатпен, толықтырылды. Бұл заттар музейлік және тарихи мәні бар, белгілі жазушылардың, ғалымдардың, көрнекті мемлекет, қоғам және өнер қайраткерлерінің, Қазақстан Республикасы спортшыларының өміріне, шығармашылығы мен қызмет байланысты жәдігерлер.

«Ұлттық музейге сый-тарту»  акциясы өз жұмыстарын жалғастыруда.

Ұлттық музей Республика тұрғындарынан, ел тарихы мен мәдениетінен мәлімет беретін жәдігерлерді  ризашылықпен қабылдайды. Тартулар Ұлттық музей қорынан және экспозициядан лайықты орын алмақ. Музей үшін  жанұялық тәбәріктер, көне құжаттар мен суреттер ғана емес, сонымен қатар тұрмыстық бұйымдар, көркемөнер және қолөнер бұйымдары, ұлттық киімдер мен жалпы этнографиялық заттар да құнды болмақ.

  Ұлттық музей өз қорларын толықтыруға ат салысып, құнды жәдігерлерді  сыйға тартқандарға алғыс білдіреді. Олардың аттары музей тарихының жылнамаларында мәңгі қалады. «Ұлттық музейге сый тарту» акциясына қатысыңыз!  

Сіздерді музей қызметкерлері жұмыс күндері сағ. 9.00 – 17.00 –де, мына мекенжайда күтеді: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 54 (түстік үзіліс 13.00-14.00 – де) 328 кабинет.

Анықтама үшін телефондар: 8(7172) 91 90 35 (ішкі-335),

8 701 574 6880,  8 775 732 82 06.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы