Аудандық кітапханашылардың семинары

Жарияланған: 27.12.2016


Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының кітапханасында «Білім жүйесіндегі кітапхана мен кітапханашының қызметі»тақырыбында аудандық семинар өтті.Мақсаты аудан кітапханашылары арасында пікір алмасу негізінде кітапханашының қоғамдағы рөлін жас мамандарға түсіндіре отырып, мектеп кітапханасының стратегиясын анықтау.

Семинарға ауданымыздағы барлық мектептерден 27 кітапханашысы қатысты. Семинарды жоғары санаттағы кітапханшысы Е.К.Мукатова мен А.Ш.Жүнісова өткізді. «Кітапханшы кім?» дөңгелек үстел аясында маңызды, мәселелі сұрақтар қою арқылы семинар тақырыбын ашты, тақырыпты аша отырып қазіргі заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып психологиялық ахуал мен кітапханашыларды жұмыс істеудегі еңбек өтіліне сәйкес үш топқа бөлді. Топтар «Мектеп кітапханашысының стратегиясын» өздерінің мектептеріндегі  кітапхананың әлсіз, мықты тұстарын, мүмкіндігін, бағыттарын постерге  түсірді. Проблемалық сұрақтардың жауабын іздеп,шешу жолдарын қарастырды. Семинардың ерекше ұтымды тұсы 1-10 жылға дейінгі еңбек өтілі бар жас мамандар өз көзқарасын дәлелді жауаптармен қайтара білді.

Қорыта келгенде семинар өте жоғары деңгейде өтті. Кітапханашылар көкейлерінде жүрген сұрақтарының жауабын осы семинардан алды.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы