Аудандық әдістемелік көмек семинары

Жарияланған: 30.12.2016


Баянауыл аудандық білім бөлімінің акт залында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына «Электрондық күнделікті толтыру жолдары мен тиімді тұстары» тақырыбында семинар өтті. Семинарға барлық мектептер бойынша «Күнделік» толтыруға жауапты информатика пәні мұғалімдері мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

       Аудан бойынша 23 жалпы орта білім беру мектептері электрондық күнделік толтыруы қажет.

     «Барлық пәндер бойынша мұғалімдер тақырыптық-күнтізбелік жоспардағы күндерге сәйкес толтырып, оқушыларға бағаларын қойып, үй тапсырмасынының берілгені және оны орындағаны жөнінде мәліметтерді сәйкестендіру қажет. Оқушылардың барлығында 2-тоқсанның бағасы қойылуы тиіс. Алдыңғы кемшіліктерді жою үшін барлық мектептің пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, әкімшіліктер бірлесе отырып тиімді жұмыс атқарулары қажет»-, деді білім бөлімінің әдіскері Г.К.Кошанова.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы