Атқарушылық өндіріске қатысты жақтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған: 22.12.2016


Ағымдағы жылдың 21 желтоқсан күні Баянауыл аудандық әділет басқармасында Баянауыл аудандық прокуратура, Баянауыл аудандық соты және жеке сот орындаушыларымен бірлесе отырып, атқарушылық өндіріске қатысты жақтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру және жиі талқыланатын проблемалар жайла нақты шараларды қабылдау тақырыбында заңды және жеке тұлғалармен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында жеке сот орындаушысы Медет Қаракесеков сөз сөйлеп, атқарушылық өндіріс туралы жалпы мағлұмат беріп, қандай заңға бағынып жұмыс істейтінін айтты. Сонымен қатар атқарушылық өндіріске қатысты жақтардың кім екендігін, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, әр істің өз уақыты болатынын және де заңды бұзғаны үшін қандай жаза қолданаты жайлы айтып өтті. Одан басқа атқарушылық өндіріс жұмысында жиі кездесетін мәселелер жайлы, олардың шешу жолдарын қарастырды.

Кездесуге келген мемлекет органдарының өкілдері тақырып бойынша өз сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салды. 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы