Қардан мүсін жасау байқауы мәресіне жетті

Жарияланған: 27.12.2016


«З.Ақышев атындағы жалпы білім беру орта мектебі» КММ   желтоқсан күндері аралығында жылдағы дәстүр бойынша қардан мүсін жасау байқауын өткізді. Байқауға 1-8 сыныптар қатысты. Байқаудың шарттары бойынша әр сынып ертегі кейіпкерлерінің  және аңдардың  бейнелерінің  мүсінін жасап шығу болды. Тағы бір шарты ол ата-аналармен бірігіп жасау міндеттелді.

Ата-аналар, сынып жетекшілер, оқушылар осы шара барысында боранға қарамастан, ауа- райының құбылмалылығына қарамастан белсенділік көрсетіп, өте қызықты ,көңілді жасады.  Кейбір сынып ата-аналары балаларымен жұмыстан кейін қараңғыға қарамастан мүсіндерін жасап ,аяқтап кетті. Қар жетпеген сыныптың ата -аналары трактормен қар тасып , байқауды қыздыра түсті.

Мүсіндердің ішінде Аяз ата, шырша, жаңа келе жатқан тауық  жылы да бой көтерді. Іс-шараға ата-аналар комитеті белсенді қатысты. Іс-шара қорытындысы шырша мерекесінде жасалады.

Тәрбие ісінің меңгерушісі   Мұрсалова Шынар Ілдебайқызы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы