30.12.2014 Ж. КӨГЕНБАЙ ШОҚЫСЫНЫҢ ЕТЕГІНДЕ ОРНАЛАСҚАН ДЕМАЛЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

Жарияланған: 06.08.2017


Көгенбай шоқысының етегінде орналасқан аталмыш демалыс орнының ашылу салтанатына аудан әкімі Нұрлан Күлжан, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры Болат Рахметов қатысып, барша жиналған қауымды қадам басқалы тұрған жаңа жылмен құттықтады

 

Жұртшылықтың назарына мерекелік әндер мен билер ұсынылып, көпшілік қауым мәз-мейрам болып қалысты. Айта кетсек, аталмыш демалыс аймағында келген демалушылар қатары шаңғы, шана теуіп, конькимен сырғанап, моторлы қарда жүретін шанамен және атпен серуендей алады.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы