25.12.2014 Ж. МҮЛІКТІ ЖАРИЯ ЕТУ

Жарияланған: 06.08.2017


«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылдың 1 қыркүйегінде  № 213-V ҚР Заңы қолданысқа енді.

Көрсетілген заңның күшіне енгенінен бастап Баянауыл ауданы әкімдігі жанынан «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» заңына және Қазақстан Республикасының белгіленген тәртібі негізінде Баянауыл ауданы әкімінің 2014 жылғы 2 қыркүйектегі №22а шешімімен  мүлікті жария ету комиссиясы құрылып жұмыс жасауда.

 

Бүгінгі күнге комиссия қарауына 3 өтініш түсіп қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралып өтініш иелеріне жауап берілді.

 

Мүлікті жария ету бойынша толық ақпаратты Баянауыл ауылы Сәтбаев көшесі 45 мекен жайында орналасқан комиссия штабында біле аласыз.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы