25.12.2014 Ж. АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Жарияланған: 06.08.2017


Аудан әкімінің кеңейтілген аппараттық мәжілісіне аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтер мен Майқайың кентінің әкімдері және мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібі бойынша ауданның ішкі істер бөлімінің басшысы Н.З Абдрахманов ауданда  қоғамдық қауіпсіздікті сақтау жұмыстарының ағымдағы жыл бойынша қорытындысы туралы,  тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар  көлігі  және автомобиль жолдары  бөлімінің  басшысы Б.О.Бижанов 2014-2015 жылғы  қысқы жылыту маусымының өту барысы туралы және аудан аумағындағы автомобиль жолдарын қысқы жағдайда қалыпты ұстау барысы туралы, аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Қ Әбілғазин ауданның барлық деңгейдегі әкімдерінің тұрғындармен өткізетін есептік кездесулерін ұйымдастыру туралы, ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.М Қалышбеков 2015 жылға Бұқаралық-ақпарат құралдарына жазылу қорытындысы туралы мәлімдеді.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы