17.12.2014 Ж. Қ.И СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМОРИАЛДЫҚ МҰРАЖАЙЫНДА АУДАН ӘКІМІ Н.КҮЛЖАННЫҢ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жарияланған: 06.08.2017


Баянауыл ауданы Қ.И Сәтбаев атындағы мемориалдық мұражайында аудан әкімі Н.Күлжанның дарынды оқушылармен кездесу ұйымдастырылып, оған ауданымыздың облыстық, республикалық пән олимпиадаларының, ғылыми жобалар сайыстарының, өнер жарыстарының жүлдегерлері қатысты.

 

Жиын шымылдығын Баянауылдың дарынды тұлғаларының ізін басып келе жатқандардың бірі жас ақын, облыстық «Жарқын болашақ», «Ертіс дарыны» олимпиадасының жүлдегері, 2014 жылғы облыстық «Алтын микрофон» сайысының ІІІ орын иегері, № Майқайың жалпы орта білім беру мектебінің 11-сынып оқушысы Абылаев Әзімхан жүрекжарды жырымен ашты.

 

Кездесу соныңда аудан әкімі Н.Күлжан жас дарынды оқушыларды құттықтап, кітаптар табыс етті.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы