04.12.2014 Ж. «КЕНШІ МӘДЕНИ-САУЫҚ» ОРТАЛЫҒЫНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ.

Жарияланған: 06.08.2017


«Кенші мәдени-сауық» орталығында ауылшаруашылық күніне орай жәрмеңке өтті. Жәрмеңкеге Шөптікөл, Торайғыр, Жаңа жол, Майқайың кентінің шаруалары өз өнімдерін ұсынды. Жәрмеңкеге қойылған ет-сүт, ірімшік, құрт, май, қымыз және тағы да басқа да өнімдер  дүкендегіден неғұрлым төмен бағада сатылды. Кент жұртшылығына  азық-түлікті қолжетімді бағамен алуына мүмкіндік туды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі барысында Кенші мәдени-сауық» орталығы мен өнер мектебінің өнерпаздары әсем әндерден шашу шашып, дәстүрлі өнермен сусындатты.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы