• Меню » Сайлау » Cайлау-2018 » ЖАҢАТІЛЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ ҚЫЗМЕТІНЕ ҮМІТКЕР ШАЛБАЕВ ҚУАНЫШ ХАЙРУЛЛАҰЛЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ МЕН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

ЖАҢАТІЛЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ ҚЫЗМЕТІНЕ ҮМІТКЕР ШАЛБАЕВ ҚУАНЫШ ХАЙРУЛЛАҰЛЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ МЕН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Шалбаев Қуаныш Хайруллаұлы 1976 жылы 12 қарашада Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылында дү­ние­ге келдім.

Жоғары білімім бар. Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдадым. Мамандығым экономист.

Еңбек жолын Баянауыл ауданы Сәтбаев селолық округі Қараащы ауылында 01.08.1996 - 30.11.1998 жж. аралығында «Айқын-Ынтымақ» шаруашылығында диспетчер –бухгалтер қызметкері, 02.12.1998 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ маманы, бас маманы болып қызмет етіп келемін.

Ажырасқанмын. 1 ұл балам бар.

Әкім болу – демек, округ тұрғындарымен тығыз қарым-қатынаста болып, олардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, талап-тілектерінің орындалуына, округтің көркеюі жолында адал қызмет ету.

1. Халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасап, әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстаймын.

2. Округ тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуді басты назарда ұстаймын.

3. Адамның басты капиталы – білім. Осы тұрғыда округтегі білім беру ұйымдарымен үнемі байланыста болып, оқушылардың түрлі деңгейдегі байқауларға қатысуларына жағдай жасаймын.

4. Округ тұрғындарын рухани қолдау бағытында ауыл кітапханасы мен клуб үйі жұмыстарының жандануын назарда ұстай отырып, тиісінше қолдау көрсетемін.

5. Аз қамтылған, көп балалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан тыс қалдырмай, қамқорлық жасаймын.

6. Округтің санитарлық тазалығын үнемі бақылауда ұстап, көгалдандыру мен абаттандыруға жұмыс жасаймын.

7. Болашақ жас ұрпақтың еншісінде. Демек, ауыл жастарының спортпен шұғылданып, түрлі жарыстарға қатысуларына жағдай жасаймын. Жастардың ауылда тұрақтауына жағдай жасай отырып, округ халқының санын арттыруға күш саламын.

8. Мемлекеттік, оның ішінде «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» т.б. бағдарламалары бойынша тұрғындар арасында нақты түсіндірмелер жүргізіп, олардың осы бағдарламалардан өз сыбағаларын алуға жұмыстар атқарамын.

9. Округтегі кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарымен тығыз байланыста болып, ауылдың мәдени, қоғамдық жұмыстарына белсенді араласуларын ұйымдастырамын.

Құрметті халық қалаулылары! Егер мен Жаңатілек ауылдық округі әкімі болып сайланған жағдайда жоғарыда көрсетілген бағдарламамның жүзеге асырылуына бар күш-қайратымды жұмсаймын.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы