• Меню » Сайлау » Cайлау-2018 » Павлодароблысы, Баянауылауданы, Жаңатілек ауылдық округінің әкіміне кандидат Балтабаев Канат Сабырулы

Павлодароблысы, Баянауылауданы, Жаңатілек ауылдық округінің әкіміне кандидат Балтабаев Канат Сабырулы

1992 жылы 24 қазанда Павлодар облысы Ақсу қаласында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Білімі - жоғары.

САЙЛАУ АЛДЫ БАҒДАРЛАМА

1. Ауылдық окрук жолдарына орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарынжүргізу бойыншажобалар әзірлеп аудандық, облыстық бюджеттерден қаражат қарастыру мақсатында өтінім тапсыру.

2. Округ бойынша абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, ауылдар орталықтарында балалар ойын алаңдарын ашу.

3. Ауылдық округте ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында, ауылға инвесторларды тартып, жеке инвестициялар есебінен ипподром құрылысын салуды қарастыру.

4. Жаңатілек ауылында су – құбыры құрылысын жүргізу бойынша Баянауыл ауданының құрылыс бөлімімен бірлесе отырып облыстық, республикалық бюджеттерден жобаларды өткізу жұмыстарын жүргізу.

5. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауылдан шыққан кәсіпкерлер мен меценаттарды абаттандыру жұмыстарына тартып, ауылда орналасқан әлеуметтік ғимараттардың сырт келбеттерін қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру.

6. Мемлекеттік бағдарламалармен қарастырылған несие және субсидия арқылыокругттің аумағында орналасқан шаруа қожалықтарымен бірлесіп ІРІ қара мал басын өсіру және сапалы ет - сүт өнімдерін шығарумақсатында кешенді жоспар құрып ауыл шаруашылығы саласын дамыту.

7. Қоғамдық және жеке қабылдауда өткен кездесулер барысында тұрғындармен айтылған ұсыныстары мен ескертулерін есепке алып, аталған іс – шараларды жүзеге асыру бойынша жоспар жасау.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы