«Нұр Отан» партиясы Баянауыл аудандық филиал төрағасы.

Оразгелді Әліғазыұлы Қайыргелдинов  –  «Нұр Отан» партиясы Баянауыл аудандық филиал төрағасы.

Оразгелді Әліғазыұлы Қайыргелдинов 1957 жылы 17 сәуірде Павлодар облысы Железин ауданы Тұрсынбай ауылында дүниеге келген. Экономика және саясаттану мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын Железин ауданы «Кеңестік Қазақстан» кеңшарында бас экономист болып бастады, «Железинский» кеңшарында партия комитетінің хатшысы болып сайланды. 1991 жылдан 1996 жылға дейін - Железин аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, кеңшардың бас бухгалтері, мемлекеттік кооперативтің төрағасы, аудан әкімінің орынбасары, Железин ауданы агроөнеркәсіптік кешенінің бастығы. 1996 жылдан 2003 жылға дейін «Еңбекші» ШАШК директоры, одан соң «БАТ-RV» ЖШС директоры. 2003 жылдан 2007 жылға дейін Павлодар облысының Қашыр ауданын басқарды. 2007 жылдың қараша айынан бастап - Ақсу қаласының әкімі. 2011-2014 жылдары Павлодар қаласының әкімі. 2015 жылдың шілдесінен бастап осы уақытқа дейін Павлодар облысы әкімдігінің аппараты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы болып қызмет атқарды.

2016 жылғы 18 тамыз №158 облыс әкімінің өкімімен Баянауыл ауданының әкімі лауазымына тағайындалды.

«Кұрмет» ордені және «Қазақстан Республикасының  тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының  тәуелсіздігіне 20 жыл», «Павлодар облысына 75 жыл» медальдарымен марапатталған.

 

Аханов Сұңқар Нұртайұлы  «Нұр Отан» партиясы Баянауыл аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары.

Аханов Сұңқар Нұртайұлы - 1988 жылдың 17 шілдесінде Павлодар облысы  Баянауыл ауданы  Ұзынбұлақ ауылында туған.

Білімі - жоғары, 2009 жылы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі – мемлекеттік және жергілікті басқару.

2009-2010 жылдары Алматы қаласының Әуе қорғаныс күштері әскери бөлімшесінде әскери борышын өтеген.

Жалпы еңбек өтілі - 5 жыл, мемлекеттік қызмет өтілі - 4 жыл.

Еңбек жолын 2009 жылы Қарағанды қаласы Нұра-Сарысу экология департаментінің жүргізушісі болып бастаған.

2011 жылғы қаңтар-мамыр айларында Баянауыл ауданының ішкі саясат бөлімінің есепшісі, 2011-2014 жж. Баянауыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлар жұмысы бөлімінің, ұйымдастыру бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.

2014 жылғы 01 маусымынан бастап 2015 жылғы 14 тамызға дейін Баянауыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.

2015-2017 жылдары Бірлік ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.

2017 жылғы 17-тамыздан бастап Майқайың кентінің әкімі қызметінде еңбек етіп келді.

«Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының 2018 жылғы 6-қарашадағы №110 бұйрығына сәйкес, 2018 жылғы 6-қарашадан бастап «Нұр Отан» партиясының Баянауыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. 

Отбасылық жағдайы: үйленген, 3 баласы бар.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы