Жаңажол ауылдық округіне қарасты Жаңажол ауылының тұрғындарымен өткізілген жергілікті қоғамдастық жиынының ХАТТАМАСЫ

Жаңажол ауылдық округіне қарасты Жаңажол ауылының

тұрғындарымен өткізілген жергілікті қоғамдастық жиынының

ХАТТАМАСЫ

Жаңажол ауылы 2018 жылғы 23 мамыр

сағат 10:00

Қоғамдастықтың төрағасы

Жаңажол ауылының тұрғыны

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы ЖОББМ-нің қызметкері

Асылбеков Қалиақпар Балташұлы

Хатшысы

Жаңажол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

Смағұлова Қорлан Таңбайқызы

     

Жиынға қатысқандар- 45 адам.

Күн тәртібінде:

1.Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жаңажол ауылдық округінің Жаңажол ауылын Мәшһүр Жүсіп атына өзгерту жөнінде.

Қоғамдастықтың төрағасы:

Жиын барысында 2017 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өңірлерде кездесетін идеологиялық тұрғыдан ескірген, қайталанатын атауларды, тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту туралы № 17-388-5 тапсырмасы негізге алынып, Жаңажол ауылын жергілікті жердің тарихи немесе дәстүрлі жер-су атауымен, немесе тарихи тұлғанын есімін беріп, өзгертуге ұсыныс жасау керектігін айтты.

Сөйлегендер:

1. Байханов Қуаныш –зейнеткер, Жаңажол ауылының тұрғыны.

Жаңажол ауылын - ұлы акын, фольклортанушы, этнограф, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы Мәшһүр Жүсіп атына өзгерту ұсынысын қолдайтынын айтты.

2.Абдразакова Шарипа –зейнеткер, Жаңажол ауылының тұрғыны.

Жаңажол ауылының қазіргі атауын Мәшһүр Жүсіп атына өзгерту ұсынысын қолдайтынын айтты. Осындай игі істер болашақ ұрпақтарға тарихи, мәдени құндылықтарды еске сақтауы үшін маңызы зор екенін айтты.

3.Икешов Абай – мұғалім, Жаңажол ауылының тұрғыны.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 28 ақпандағы өңірлерде кездесетін идеологиялық тұрғыдан ескірген, қайталанатын атауларды, тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту туралы № 17-388-5 тапсырмасына сәйкес жүргізіліп жатқан жұмыстарды қолдайтытын және Жаңажол ауылына Мәшһүр Жүсіп атын беруге келісім беретінін айтты.

Қоғамдастықтың төрағасы:

Айтылған ұсыныстар бойынша Жаңажол ауылының атауын Мәшһүр Жүсіп атымен өзгерту үшін дауыс беруге көшейік, деген ұсыныс білдірді.

Жиынға қатысушылар: ұсынысты қолдап, жалпы дауыс берді.

Қоғамдастықтың төрағасы: Қолдағандар - 45 адам, қарсы дауыс бергендер –жоқ, қалыс қалғандар – жоқ.

Жаңажол ауылы тұрғындарының дауыс беру қорытындысы бойынша Шешім қабылданды: Жаңажол ауылдық округінің Жаңажол ауылының атауын Мәшһүр Жүсіп ауылы атына өзгертілсін.

Қоғамдастықтың төрағасы                           Қ. Асылбеков

Хатшысы                                                          Қ. Смағұлова

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы